ШЫҰ мемлекеттеріне лаңкестік, сепаратизм, экстремизм қауіп төндіріп отыр - Қытай СІМ

БЕЙЖІҢ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Тұрақсыздық факторлары өткір сезіліп отырған қазіргі халықаралық және өңірлік жағдайда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдеріне «үш қауіпті күш» (лаңкестік, сепаратизм және экстремизм) қатер төндіріп отыр,
None
None

делінген Қытайдың Сыртқы істер министрі Ян Цзечидің ведомство сайтында орналастырылған мәлімдемесінде.

«Әлемдік жағдайда және өңірлерде түрақсыздық пен орнықсыздық факторлары артып келеді, әлемдік экономика толық қалпына келуі үшін уақыт керек. Аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне «үш қауіпті күш» қатер төндіріп отыр», - дейді Ян Цзечи өзі қатысқан Ташкенттегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісіне қатысты мәлімдемесінде.

«Қазіргідей жаңа жағдайда ШЫҰ елдері ұйымшылдықтарын жан-жақты күшейтулері және ұйымның ішіндегі өзара сенім деңгейін арттырулары, нақты ынтымақтастықтықты дамытып, қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылдарын тереңдетулері керек. Соның арқасында Ұйымның ролі мен аясы кеңейе түседі», - деп атап көрсетті Қытайдың сыртқы істер министрі өз сөзінде.

Министрдің айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы дағдарыс жағдайында «сыннан сәтті өтіп, өзінің орнықты дамуын жалғастыруда».

Маусым айында Ташкентте ШЫҰ елдері Мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісі өтеді.

Соңғы жаңалықтар