ШЫҰ «Ұлы Жібек Жолы» жобасын ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралары тізіміне енгізуге ұсынбақ ниетте
БЕЙЖІҢ. 5 маусым. ҚазАқпарат - Біз ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне нысандарды, оның ішінде «Ұлы Жібек жолы» жобасын енгізу бойынша бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз, деді бүгін Бейжіңде өтіп жатқан ШЫҰ мүше-елдер мәдениет министрлерінің IX кеңесінің аяқталуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәлихатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай.
Министр атап өткендей, бұл кеңес біздің халықтарымыздың арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың нығаюына елеулі үлес қосты. «Біз барлығымыз ШЫҰ аясында мәдени ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына куәміз», - деді Д. Мыңбай.
Кеңестің қорытындысы бойынша, тараптар ШЫҰ мүше-елдер мәдениет министрлер кеңесінің Бейжің декларациясына қол қойып, 2012-2014 жылдарға мәдениет саласында үкіметтер арасында жасалған әріптестік жөнінде келісімді іске асыру бойынша шаралар жобасын мақұлдады.
Таратылған хабарламада жазылғандай, тараптар медениет саласында әріптестікке септігін тигізіп, ШЫҰ бақылаушы-елдер және ұйымның диалог бойынша әріптестері жанында мәдениет алмасуларын қолдайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархай Мыңбай басқаруда.