Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Си Цзиньпин Тоқаевтың реформаларына жоғары баға берді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан реформаларды жоғары бағалады.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан реформаларды жоғары бағалап, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Сондай-ақ ол Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Фото: Ақорда

Ақорданың хабарлауынша, ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға орайлы мүмкіндік туып отырғанына назар аударды.

— Бірлескен күш-жігердің арқасында Қытай мен Қазақстанның мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі жоғары деңгейге жетті. Өзара ықпалдастықты дамытудың әлеуеті өте зор. Қазақстан Президенті Қытаймен достық саясат жүргізіп отыр. Бұл халықтарымыздың мүддесіне сай келеді, — деді Си Цзиньпин.

Сонымен қатар ҚХР Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге жоғары баға беріп, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады және алдағы Құрылтай сайлауына сәттілік тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізгенін хабарлаған едік.