Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Татубаев ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бас прокуратура 3 шілде күні азаптау бойынша күдікке ілінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаевты ұстағанын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Татубаев ұстағалды
Фото: Павлодар облысы соты

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2025 жылғы 3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т. М. Татубаевты ұстағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Мәжіліс депутаты Бас прокуратурадан «СҚ-Фармация» басшыларын тергеуді талап еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар