Сиднейдегі шабуыл: Аза тұтуға байланысты кейбір Рождестволық шаралар болмайды
АСТАНА.KAZINFORM — Сиднейде Рождествоны тойлауға шектеу қойылды. Барлық іс-шаралар 21 желтоқсанға дейін тоқтатылады, деп хабарлайды Report.
Бонди-Бичтегі шабуыл құрбандарына құрмет пен еврей қауымдастығымен ынтымақтың белгісі ретінде бүкіл қала бойынша Рождестволық шамдар ақ гирляндаларға ауыстырылады. Алаңдарға қойылған шыршаларда шамдар жағылмайды. Сондай-ақ дыбыстық шоулар ұйымдастырылмайды. «Қаладағы Рождестволық әндер» бағдарламасы бір аптаға кейінге шегерілді.
Сонымен қатар Сиднейдің Дарлинг Харборында Рождестволық отшашулардың кейбірі тоқтатылған.
Айта кетейік, Ханукка мерекесін тойлау кезінде Сидней жағажайында атыс болды.
Теракт салдарынан қаза тапқандар саны жиырмаға жуықтап, ауруханаларға жараланған 40 адам жеткізілді.
Бұл лаңкестікті әкесі мен баласы ұйымдастырғаны анықталды. Бұл туралы Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты полициясының комиссары Мал Лэньон мәлімдеді.