Silk Way Star-ға Қазақстан атынан қатысатын Alem: Мен үшін бұл үлкен мәртебе

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтетін Азия елдері арасындағы «Silk Way Star» халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысатын әнші Alem жарыс алдындағы өзінің әсерімен бөлісті.

Silk Way Star-ға Қазақстан атынан қатысатын Alem: Мен үшін бұл үлкен мәртебе
Фото: Kazinform

— Қазақстанның намысын қорғайды дегенде жүрегім зу ете қалды. Рас, қобалжып тырмын. Шынын айтайын, бұл үлкен жауапкершілік және мәртебе. Маған сындай мүмкіндік берілгеніне үлкен рахмет! Қуана-қуана осынша жыл сахнада жүріп жиған өнерімді салуға тырысамын. Иә, бұл байқауда жеңіске жеткім келеді. Бірақ мен бұл жобаға жарыс ретінде қарағым келмейді. Керісінше, әр тыңдаушының жүрегіне жеткім келеді, әр көрерменнің көзайымы болғым келеді. Тыңдармандарымның жүрек көңіл биігінде жаңғырғым келеді, — деді ол 101,4 толқынындағы Jibek Joly радиосына берген сұхбатында. 

Сондай-ақ әнші байқаудағы әр кезеңнің өз тақырыбы болатынын, соған сай тапсырма да өзгеріп отыратнынын айтты. 

— Әр эпизодтың өзінің тақырыбы бар, соған сай біз ән таңдап немесе бір әндерді өзгертіп басқаша орындап шығуымыз керек. Сондықтан да бұл жерде әрине, бір бағытта ғана өнер көрсетпейміз, мұнда әртүрлі бағыттарда шырқауға тура келеді. Сондықтан біз жан-жақты өнер көрсетуге тырысамыз, — деп түйді сөзін Alem лақап атымен танылған Батырхан Мәліков.

Айта кетейік, бұған дейін Азия мемлекеттері арасында алғаш ұйымдастырылған музыкалық байқау Астанада өтетінін жазған едік. 

«Silk Way Star» байқауы бірқатар Азия елінде телеарнадан көрсетіледі.

Онда Қазақстан атынан әнші Alem өнер көрсететін болды.

Соңғы жаңалықтар