Silk Way Star жобасының финалына отбасыммен бірге дайындалып жатырмын – Язмин Азиз

АСТАНА. KAZINFORM — Silk Way Star мегажобасының финалисі, малайзиялық әнші Язмин Азиз Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына қатысып, жобадағы дайындықтары мен қазақ тілінде ән орындау тәжірибесі туралы айтты.

Язмин Азиз
Фото: Видеодан алынған скрин

Әнші финалға толық дайын екенін, 10-шы финалды эпизодты асыға күтіп отырғанын және жюри мен көрерменнің бағасын алғысы келетінін жеткізді.

- Ең бірінші финалда мені қолдауға отбасым келді. Анам, әкем және сүйіктім мені бірінші болып қолдап отырған адамдар. Олар финалға дайындалып жүр. Әкем үшін бұл Қазақстанға бірінші сапар болды. Астана оларға қатты ұнады, тіпті біз бірге Бәйтерекке бірнеше рет бардық. Қашан болмасын қолдау көрсеткенімен, мен олардың қобалжуын сеземін. Сонымен қатар Филиппин мен Малайзиядан да қолдап жатыр. Инстаграмда көптеген малайзиялықтар маған қолдау білдіруде, – деді Язмин Азиз.

Сондай-ақ әнші Silk Way Star жобасының өткен шығарылымында қазақтың белгілі композиторы Сүгірдің термесін орындаған себебін түсіндірді.

– Мен бұрын қазақша ән айтпағандықтан, бұл әнді күрделі деп ойладым. Маған осы әнді айтып көресің бе деп кеңес берді. Домбыра үні шыққанда денем тітіркеп кетті. Бұл ән шын мәнінде күрделі, бірақ өзімді сынап көргім келді. Домбыраның үнін естігенде бұл ән менікі екенін түсіндім. Сол сәттен бастап мен өзіме басқа тілде де ән айта алатынымды дәлелдедім, – деді Язмин Азиз.

Еске сала кетейік, Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталды.

Соңғы жаңалықтар