Симферополь-Мәскеу ұшағына найзағай түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Симферопольден Мәскеуге рейспен бара жатқан жолаушылар ұшағына найзағай түсті, деп хабарлады Интерфаксқа «Внуково» әуежайының техникалық қызметінен.

Симферополь-Мәскеу ұшағына найзағай түсті

«Ауа райының қолайсыз жағдайында Симферопольден рейске шыққан кезде Boeing 737 ұшағының фюзеляжына найзағай түсті. Салдарынан ұшақ зақымданды. Алайда жолаушылар зардап шеккен жоқ. Экипаж ұшақты әуежайға аман-есен қондырды», - деді агенттіктен.

Тосын жағдай салдарынан фюзелаждың сол және оң жағындағы он сегіз бұранда балқып кеткен.