«Синалоа» есірткі картелінің басшысы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
АСТАНА.KAZINFORM - Мексикалық «Синалоа» картелінің негізін қалаушы Исмаэль «Эль-Майо» Замбадаға Нью-Йорк федералды соты өмір бойына бас бостандығынан айыру және 15 миллиард доллар айыппұл төлеу үкімін шығарды, деп хабарлайды NBC News.
Ол АҚШ-тағы кокаин, фентанил және метамфетамин контрабандасымен айналысатын әлемдегі ең ірі есірткі ұйымдарының біріне, сондай-ақ рэкетке және басқа да бірқатар қылмысқа басшылық жасағанын мойындады. Сот отырысында Замбада келтірілген залал үшін кешірім сұрап, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті мойнына алатынын мәлімдеді.
Тергеу Замбаданың Хоакин «Эль Чапо» Гусманмен ондаған жылдар бойы АҚШ-қа контрабандалық жолмен есірткі тасымалдаған «Синалоа» картелін басқарғанын, жыл сайын жүз миллион долларлап табыс тапқанын және мексикалық шенеуніктерге пара бергенін анықтады.
Гусманның өзі 2019 жылы АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Замбаданың өмір бойы бас бостандығынан айырылуы - картель көсемін ұстау бойынша жылдар бойы жүргізілген жұмыстың жемісті нәтижесі болды.
Ол 2024 жылы Мексикада ұсталып, Техасқа әкелінгеннен кейін қамауға алынды.
Бұған дейін Грузияда есірткі қылмысына қатысы бар 120-дан астам адам ұсталған болатын.