Сингапур Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанмен ынтымақтастықтың нығая беретініне сенімін білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Сингапур Республикасының Президенті Тони Тан Кенг Ямадан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сингапур Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанмен ынтымақтастықтың нығая беретініне сенімін білдірді

Сингапур Президенті ел халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтады.

«Сингапур мен Қазақстан арасында жақсы достық қарым-қатынас орнаған. Сіздің басшылығыңызбен екіжақты ынтымақтастықтың нығая беретініне сенімдімін. Халықтарымыздың игілігі үшін өзара ықпалдастықты дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс істейміз деп үміттенемін», - делінген жеделхатта.