Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сингапурда Орталық Азиядағы және Шығыс Еуропадағы инвестициялық жобаларға қолдау көрсету мәселесі бойынша меморандумға қол қойылды

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Сингапурда Орталық Азиядағы және Шығыс Еуропадағы инвестициялық жобаларға қолдау көрсету мәселесі бойынша «IE Singapore» ведомствосы мен Еуропалық Қайта құру және даму банкінің арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды,

Сингапурда  Орталық  Азиядағы және   Шығыс Еуропадағы   инвестициялық жобаларға қолдау  көрсету  мәселесі  бойынша   меморандумға қол қойылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сингапурдың сыртқы экономикалық ведомствосы Қазақстанда, нақты айтқанда, Алматыда көлік инфрақұрылымын дамыту саласында консалтингілік жұмыстар жүргізу үшін еуропалық банктің Техникалық ынтымақтастық қорына бастама ретінде 420 мыңнан астам АҚШ долларын салып отыр. Сингапурлық компаниялардың инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы Қазақстанда қала көлігі жүйесін әрі қарай дамытуда жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған меморандумға сингапур тарапынан қол қойған «IE Singapore» ведомствосы президентінің орынбасары Ч.Хим мырзаның пікірінше, бұл құжат дер кезінде қабылданған шешім болып табылады, себебі екі ұйымның арасындағы ынтымақтастықтың жаңа желісінің келешегі кемел және ол аймақтың әлеуетті нарығының ерекшелігін таныстыруда Сингапурдың іскерлік топтары мен инвесторларына айтулы көмек болары анық.