Сингапурлық компания Ақтөбеде «Мамыт» көмір кен орнына инвестиция құюды жоспарлап отыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Мамыт» көмір кен орнын игеруде сингапурлық компаниямен ынтымақтастық орнату жоспарланып отыр.
None
None

Алдын ала келісімге Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, жобаның негізін қалаушы, «Ақтөбетермококс» ЖШС-ның директоры Асем Махметбай және инвестор - Сингапурдың «Azura International» компаниясының президенті Кюю Накамура қол қойды.

Қарғалы ауданы «Мамыт» кен орнындағы көмір шамамен 598 миллион тоннадан асады.

Кен өндіру құқығы «Ақтөбетермококс» ЖШС-ға тиесілі. Ол «Актөбе» ӘКК» ұлттық компаниясының стратегиялық серіктесі болып табылады.

Жоба бойынша жылына 3 000 000 тоннаға дейін брикеттелген көмір өндіруге және қайта өңдеуге мүмкіндік беретін зауыт салу көзделген.

Алдын ала инвестиция көлемі 40 000 000 АҚШ долларынан асады. Келесі легі - 15 000 000 доллар болмақ.

Құрылыс кезінде 250 жұмыс орны, ал зауыт іске қосылғаннан соң тұрақты 150 жұмыс орны ашылады. Жобаны жүзеге асырудың болжамды мерзімі - 2016-2018 жылдар аралығы.

«Біз сіздердің қаржылық әлеуеттеріңіз туралы нақтылау алған сәттен бастап барынша көмек көрсететін боламыз», - деді кездесуді түйіндей келе өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар