Бұрқасын, тұман. Синоптиктер 17 облыс пен 3 мегаполистің тұрғындарын ескертті
АСТАНА. KAZINFORM — 14 ақпанда еліміздің барлық өңірінде ауа райынаың күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

14 ақпанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Ал Қызылорда қаласында 14 ақпанда күндіз көктайғақ, тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қаласын түнде тұман басады. Түркістан қаласында 14 ақпанда түнде тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында оның жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Семей қаласында 14 ақпанда түнде қар, бұрқасын күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ал Алматы қаласында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының шығысында қар, облыстың орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жезқазған қаласында 14 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екіпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында 14 ақпанда түнде тұман болуы мүмкін.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман басады.
Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қаласында 14 ақпанда қар, бұрқасын болады.