Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Тамыз — жаз маусымын соңғы айы. Елдің оңтүстігі мен батысында негізінен ыстық, ал солтүстік жартысында жаңбырлы, найзағайлы әрі салыстырмалы түрде салқындау ауа райы қалыптасады.

Президенттік саябақ
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Белсенді солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, кей уақытта елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, кезең ортасында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Алайда, бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың батыс жартысында және орталығында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды деп күтіледі.

Тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы +25+35°С-тан +34+39°С-қа дейін, Атырау облысының оңтүстігінде +41°С-қа дейін; Маңғыстау облысында +35+40°С-тан +39+44°С-қа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.

Күндізгі ауа температурасы төмендейді:

  • республиканың солтүстігінде және Қостанай облысында +25+35°С-тан +20+28°С-қа дейін, онкүндіктің соңында қайтадан +30+38°С-қа дейін ыстық болжанады;
  • оңтүстікте +39+44°С-тан +29+36°С-қа дейін төмендейді.

Елдің орталығы мен шығысында +33+41°С қатты ыстықтан +22+31°С-қа дейін ауысып отырады деп күтіледі;

  • елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +34+39°С, Жамбыл облысында +42°С-тан +27+35°С-қа дейін ауытқуы болжанады.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+8°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +25+35°С-қа дейін ауытқиды деп күтіледі.

Батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде +17+27°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +32+42°С-тан +25+35°С-қа аралығында ауытқиды.

Айта кетелік алдағы үш тәулікте 40 градусқа дейін ыстық сақталады.