Сыр өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Азаматтардың әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты болғандықтан, халықты баспаналы ету еліміздің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде саналады. Қызылорда облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Үкіметтің тікелей қолдауымен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету  жұмыстары табысты жүзеге асырылып келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Экономикалық өсім мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін кешенді жұмыс қолға алынған. Сәулетті үйлері сап түзеген жаңа шағын аудандар пайда болып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары кезең-кезеңімен баспана бақытына кенеліп жатыр.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы төрт жылда (2021-2024) облыста қаржыландырудың барлық көзі есебінен 2 млн 952 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған азаматтарға 6 мыңнан астам пәтер (6726) табысталды. Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер ел игілігіне айналды. Бұл арқылы мыңдаған отбасы көптен күткен арманына қол жеткізді.

баспана
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы жылы 3 600 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен 48 млрд 543 млн теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде аудандарда 322 пәтерлік 161 үй салынып жатыр. Жалпы қаржыландырудың барлық көзінен жыл соңына дейін 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі деп жоспарланған.

тұрғын үй
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласының өзінде соңғы үш жылда тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға 64 млрд 97 млн теңге бағытталып, 5 600 пәтерде тұрғындар қоныс тойын тойлады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өткен айда кезекте тұрған азаматтарға 280 пәтерлік 7 тұрғын үйдің, кеше тағы да 320 пәтерлік 4 тұрғын үйдің кілті табысталды. Бұл – тұрғындарды баспанамен қамтудағы еселі еңбектің, аймақ экономикасының өсу қарқынының және әлеуметтік тұрақтылықтың нақты көрінісі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде Қызылорда қаласында заманауи сәулеттік шешіммен бой көтерген 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер шаһардың жаңа келбетін айшықтап, құрылысқа серпін берді.

баспана
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар