Сирия президенті жаңа үкіметтің құрамын 29 наурызда жариялайды

АСТАНА. KAZINFORM – Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа 29 наурыз, сенбі күні Араб Республикасының жаңа үкіметінің құрамын жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Al Hadath телеарнасы хабарлады, деп жазады ТАСС. 

Сирия президенті жаңа үкіметтің құрамын 29 наурызда жариялайды
Фото: Еuronews

Жаңа министрлер кабинеті 10 желтоқсаннан бері Мұхаммед әл-Башир басқарып келе жатқан өтпелі үкіметті алмастырады. 

Al Hadath дереккөздері үкімет негізінен технократтық министрлерден тұратын инклюзивті болатынын атап өтті. Ішкі істер, Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктерінің қазіргі басшылары қызметтерінде қалады.

13 наурызда қабылданған конституциялық декларацияға сәйкес, Министрлер кабинетінің жұмысын Ахмед аш-Шарааның өзі басқарады деп күтіліп отыр. 

Сирияда өтпелі кезең бес жылға созылады, одан кейін жалпы сайлау өтеді. Республиканың заңнамалық базасы ислам құқығының нормаларына сай болады. 

Айта кетейік, Сирия 5 жылға уақытша конституцияға қол қойды. 

Сирияның жаңа билігі күрдтермен келісімге қол қойды. Келісім Сирияның солтүстік-шығысындағы күрд автономиялық әкімшілігінің азаматтық және әскери институттарын Сирияның жаңа үкіметіне біріктіруді көздейді.

 

Соңғы жаңалықтар