Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сириядан 149 қазақстандық азамат елге қайтарылды

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі Сирия Араб Республикасынан қазақстандық азаматтарды эвакуациялау жұмысын жалғастырып жатыр. Дамаск, Халеб, Хама, Дейр Аз-Зор, Хасака қалаларында және провинцияларында әртүрлі себептерге байланысты қазақстандық азаматтар әлі де болса қалып отыр. Олардың жалпы саны алпыстан асады. Елшілік олардың басым бөлігімен байланыс орнатқан. Эвакуациялау бойынша консультациялар берген.

Сириядан 149 қазақстандық азамат елге қайтарылды

2012 жылдың 26 желтоқсанында Аммандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің дипломаттарының тікелей қатысуымен, үкімет әскерлері мен оппозиция арасында қарулы қақтығыстар болып жатқан Сирия Араб Республикасының Дераа қаласынан Қазақстан Республикасының азаматшасы және оның кәмелетке толмаған үш баласы шығарылып, Астанаға жөнелтілді. Сондай-ақ 2013 жылдың қаңтар айында Дейр Аз-Зор қаласынан үш балалы қазақстандық азаматша Алматыға қайтарылды.

Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің хабарлауынша, жалпы қақтығыстар басталған уақыттан, Сириядан 149 қазақстандық азамат елге қайтарылды. Олардың барлығына мемлекет қарастырған арнайы бюджет есебінен әуе билеттері алынып беріліп, консулдық қолдау көрсетілді.