Сирияның қарулы оппозиция өкілдері Астанаға келе жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның қарулы оппозиция өкілдері ертең, таңертең Астанаға келуі ықтимал. Бұл туралы Астана процесі үшінші раундының қорытындысына орай баспасөз мәслихатында Ресей делегациясының басшысы Александр Лаврентьев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесуге қатысушылардың барлығы да соғыс іс-қимылдарын тоқтату режімін бұзу орын алғандығына қарамастан іс-қимыл режімі аймағындағы зорлық-зомбылық деңгейінің айтарлықтай төмендегендігін қуаттады. Астанадағы келіссөздерге сириялық қарулы оппозиция делегациясының қатыспағандығына қарамастан біз олардың өз ұстанымдарын өзгертетіндігіне үміт артамыз. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда, олар ертең, таңертең Астанаға келуге тырысуда. Осыған орай біз сириялық қарулы оппозицияны қызықтыратын мәселелер бойынша кең ауқымды консультациялар өткізу үшін Ресей, Түркия және Иран делегацияларының бір бөлігін Астанада қалдырамыз», - Александр Лаврентьев

Оның атап өтуінше, кепілгер үш мемлекет пен сириялық қарулы оппозиция делегациясы арасындағы Астана келіссөздері міндетті түрде жалғасуы тиіс. Өйткені, өзара сұхбаттастық барысында ғана орын алып отырған проблемаларды шешуге болады.

«Біздің консультацияларымыздың осы жолғы раунды барысында пікірталас негізінен ресейлік тараптан әзірленіп, Астана процесінің барлық қатысушыларының қарауына жіберілген құжаттар төңірегінде өрбіді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram