Сицилия аралында Этна жанартауы атқылай бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропадағы ең белсенді жанартаулардың бірі Сицилиядағы Этна оянып, күлі теңіз деңгейінен 4500 метр биіктікке ұшты. Қып-қызыл лава ағындары тау бөктерінен 3300 метр биіктіктен ағып түсті, деп жазады Еuronews.

Извержение Этны
Фото: twitter.com/etnaboris

Қазіргі уақытта Этна белсенділігі орташа деңгейде. Алайда Италия билігі жағдайдың күрт өзгеруінен қауіптеніп, жерасты дүмпулері туралы ескертудің жасыл деңгейін сарыға дейін көтерді.

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Этна тауының биіктігі 3357 метр. Жанартаудың 200-ден 400-ге дейін қосалқы жанартау кратерлері бар. Олар ай сайын бірнеше рет атқылайды.

Этнаның белсенділігіне Сицилия маңындағы Эоли аралдары архипелагындағы Тиррен теңізінде орналасқан Стромболи жанартауының атқылауы қосылды.

Соңғы жаңалықтар