Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сицилиядағы музейден Мадонна мен Христос бейнеленген картиналар ұрланды

АСТАНА. KAZINFORM — Сицилиядағы Мессина қаласының Өңірлік музейінен Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті суретшісі Антонелло да Мессинаның төрт туындысы ұрланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

музей
Фото: Kazinform/ЖИ

Мәдениет мекемесінің дирекциясы хабарлағандай, қылмыскерлер 15 тамыз күні кешке музейге кіріп, күзет жүйесі мен дабылды өшірген. Кейін олар төрт ағаш панельді алып кеткен.

Ұрланған туындылардың арасында Сан-Грегорио полиптихінің бес панелінің үшеуі және Богородица мен Христос бейнеленген екі жақты ағаш панель бар.

— 15 тамыз күні кешке бейтаныс адамдар музейге кіріп, күзет жүйесі мен дабылды өшірген. Олар екі жақты панель орналасқан арнайы витринаны бұзып, Сан-Грегорио полиптихінің бес панелінің үшеуін алып кеткен, — делінген музей хабарламасында.

Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, қылмыскерлер полиптихті толықтай алып кетіп үлгермеген.

Полиптих жергілікті монастырь үшін жасалған. Туынды, соның ішінде 1908 жылғы жер сілкінісінен кейін, айтарлықтай зақымдалып, бірнеше рет реставрацияланған.

La Repubblica газетінің мәліметінше, бір жағында Мадонна мен сәби, екінші жағында Христос бейнеленген екі жақты ағаш панель Лондондағы ірі Christie’s аукцион үйінен сатып алынған.

Антонелло да Мессина (шамамен 1429–1479 жылдар) — ерте Қайта өрлеу дәуірінің Сицилиядағы көрнекті суретшілерінің бірі. Ұзақ жылдар бойы оның туындылары аралдан шығарылмаған. Тек осы ғасырда ғана картиналары көрмелерге қойылу үшін басқа елдерге шығарыла бастаған.

Суретшінің бүгінге дейін шамамен 40 туындысы сақталған. Жақында Sotheby’s аукцион үйінен оның «Тікенді тәж киген Христос» (Ecce Homo) атты ағашқа салынған туындысы 12 млн долларға сатып алынған.