СҚО әкімі Елбасы атынан өз саласының үздіктеріне ордендер мен медальдар тапсырды
ПЕТРОПАВЛ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс болды.
Оның барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров ҚР Президенті атынан өңірдегі бір топ өз ісінің үздіктеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Тоғыз жұмысшыға «Құрмет» ордені тапсырылды, олардың ішінде Айыртау ауданындағы «Кирилловка-Айыртау» ЖШС механизаторы Жұмаш Ғабдуллин, Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Нежинка-Ерке» ЖШС бригадирі Надежда Колковская, Есіл ауданындағы «Заградовское» ЖШС жұмысшысы Қанатбек Қасенов, «Зенченко и К» шаруа қожалығының механизаторы Владимир Шутов және басқалар бар.
Солтүстікқазақстандықтардың және бір үлкен тобы «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет гррамоталарымен, облыс әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиналыс соңында мерекелік концерт болды.