СҚО әкімі Омбы облысының делегациясымен кездесті

«Бұл сапардың мақсаты біздің облыстың жергілікті мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу болды. Омбылық қонақтарға солтүстікқазақстандық әріптестері өңір басшысының тапсырмаларының орындалуы қалай бақыланып отырғаны және негізгі құрылымдық бөліністерде міндеттер қалай бөлінетіні көрсетілді», - делінген хабарламада.
Е.Сұлтанов Омбы облысы Солтүстік Қазақстан облысы үшін әрқашанда маңызды әріптес болды жәнге солай бола береді, деп атап өтті. 2015 жылы біздің облыстар делегацияларының өзара сапарлары барысында 22 құжатқа қол қойылды.
«Бұл биылғы жылғы үшінші кездесу, бұл біздің аймақтар арасындағы ынтымақтастығымыздың өнімділігін және мемлекеттік органдар, сондай-ақ іскерлік топтар, мәдениет, өнер қайраткерлері, спортшылар арасында іскерлік байланыстар жандана түскенін көрсетеді», - деді облыс әкімі.
Топ жетекшісі Владимир Компанейщиков Омбы облысының губернаторы Виктор Назаровтың атынан облыс әкімі аппаратының жұмысымен танысуға берілген мүмкіндік үшін алғыс айтты.
«Әрине, біздің басқармалар құрылымдарында өзгешеліктер бар. Бізге сіздің аймақта мемлекеттік басқару органдары жүйесінің қалай жұмыс жасайтындығымен танысу қызықты болды. Солтүстікқазақстандық әріптестеріміздің тәжірибесін өз жұмысымызды пайдаланатын боламыз», - деді В.Компанейщиков.