СҚО-да асфальтбетон зауыттары тексеріліп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында асфальтбетон зауыттарына жол-құрылыс маусымына дайындық аясында жоспарлы тексеріс басталды.

асфальтбетон зауыттары
Фото: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚОФ

Бақылау жұмыстарын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның өңірлік филиалы жүргізіп жатыр. Тексерістің басты мақсаты – асфальтбетон қоспасының сапасын қамтамасыз ету және өндіріске қажетті технологиялық стандарттардың орындалуын бақылау. 

асфальтбетон зауыттары
Фото: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚОФ

Филиал мамандарының айтуынша, тексеріс аясында:

технологиялық жабдықтардың (битум сақтау қоймалары, таразылар, термометрлер, шаң ұстағыштар) жарамдылығы;

зертханалардың бар-жоғы және олардың қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуы;

өндіріс процесінде талаптардың сақталуы (таразылау, температуралық режим, есеп журналдарын жүргізу);

пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарға арналған сертификаттар мен паспорттардың болуы;

жол-құрылыс материалдарын сақтау талаптарының орындалуы;

дайын қоспалар құрамының сапасы тексеріледі.

асфальтбетон зауыттары
Фото: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚОФ

Бүгінгі күнге дейін өңір бойынша 27 асфальтбетон зауыты тексерілген. Оның ішінде, 12 зауыт барлық талаптарға сәйкес деп танылса, біреуінің жұмысы тоқтап тұр. Екі зауыт тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің жоқтығына байланысты уақытша тоқтаған. 12 кәсіпорын іске қосу-реттеу жұмыстарынан өтіп жатыр.

– Біз кәсіпорындардың жол-құрылыс маусымына дайындық барысын және технологиялық талаптардың орындалуын жіті бақылап отырмыз. Қазір нақты сәйкессіздіктер туралы айту ерте, өйткені маусым енді ғана басталды. Қазіргі басты міндетіміз – қажетті құжаттарды жинап, оларды жан-жақты талдау, – дейді филиал өкілдері.

Бұған дейін Петропавлда дауыл ботаникалық бақтың шатырын жұлып әкеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар