СҚО-да Есіл өзенінің тасу қаупі сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш тәулікте Орал және Есіл өзендерінде, Сергеев су қоймасынан төменгі тұста көктемгі су тасқыны қаупі әлі де сақталады, деп хабарланған ҚР ТЖМ сайтында.

СҚО-да Есіл өзенінің тасу қаупі сақталады

«СҚО аумағындағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таудан төмен орналасқан өзендерде жауын-шашынға байланысты су көлемі ұлғайып, жекелеген өзендерде су тасқыны болуы мүмкін.

Еліміздің шығыс өңіріндегі өзендерде де су деңгейінің ауытқуы байқалмақ.