СҚО-да германиялық сарапшылар автокөліктерге қызмет көрсету мамандарымен тәжірибе бөлісуде

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың жанар-жағармай құю стансаларының бірінде автокөліктерге қызмет көрсету мамандарына арналған курс өткізіліп жатыр. Оны Германиядан келген сарапшылар жүргізуде. Жобаны іске асыруға «Даму» қорының қолдауының арқасында қол жеткізілді.
None
None

«Біз бұл фирмаға көмектесу үшін келдік, курстың бұл жерде табыс көздерін молайтуға, жаңа идеялар тууына септігі тиеді», - деді автокөліктерге қызмет көрсету саласында 50 жыл еңбек сіңірген Германия автосервис менеджменті бойынша аға сарапшы Рольф Цапка. Петропавлға келуге бастама білдірген аға сарапшылар қызметі - неміс экономикалық қоры. Оның қатысушылары - құрметті демалысқа шыққан мамандар.

Қор 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Олардың ұраны: «Біздің тәжірибеміз - сіздің болашағыңыздың кепілі!». Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының арқасында олармен ынтымақтастықта жұмыс істей алады. «Аға сарапшылар қызметі бізге сауалнама, түйіндеме ұсынды, сосын біз маманды осында шақырттық. Біз тәжірибе алмасып, кеңестер алып, білімімізді арттыратынымызға өте қуаныштымыз», - деді «BOSCH Servis» әкімшісі Әлфия Халиуллина. Рольф Қазақстанға алғаш рет келіпті. Ол бұрын Ресей мен Монғолияда болған екен. Неміс маманы петропавлдық кәсіпкерлердің әлеуетіне жоғары баға берді. «Біз қалалықтармен қатар басқаларды да осында тарту үшін Петропавлда үздік сервис қалыптастыруға тырысудамыз. Сонымен бірге шеберхана жұмысына өзгерістер енгізбекшіміз», - деді Рольф Цапка. Рольф Цапка солтүстікқазақстандықтармен өз тәжірибесімен екі апта бойы бөліседі. Тренинг нәтижесі бойынша тыңдаушыларға арнайы дипломдар беріледі.

Соңғы жаңалықтар