СҚО-да құрылыс сапасы қалай бақыланады
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс нысандарына қатысты тұрғындардан түсетін шағымдардың басым бөлігі тексеру кезінде расталады.
СҚО мемлекеттіа сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының мәліметінше, биыл мамандар жоспардан тыс 11 тексеру жүргізіп, 16 заң бұзушылықты анықтаған.
- Шағымдардың арасында нысандардан ағынды немесе еріген қар суын бұру жүйесінің жоқтығына қатысты өтініштер жиі кездеседі.
Ал жеке тұрғын үй құрылысын инспекциялау тек ресми шағымдар мен өтініштер негізінде, мысалы, шекаралардың немесе құрылыс нормаларының бұзылуы туралы көршілердің арызы немесе прокуратура мен полиция органдарының ұсынуы бойынша жүзеге асырылады, - дейді басқарманың мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы Айдын Ғаббасов.
Маманның айтуынша, қазір СҚО-да салынып жатқан объектілердің тізілімінде қазір 180 нысан бар. Олардың арасында заңсыз салынып жатқан нысандар жоқ.
- Соңғы жылдары Петропавлда құрылыс талаптарын өрескел бұзған екі нысан анықталды. Н.Назарбаев көшесі, 329А мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үй. Мемендендырылған ауданаралық экономикалық сот оны бұзу туралы қойылған талапты қанағаттандырудан бас тартты.
Екіншісі - Таңшолпан көшесі, 2/5 мекенжайындағы тұрғын үй, біздің талабымыз толық қанағаттандырылды, - дейді Айдын Ғаббасов.
Биыл сондай-ақ, басқарма «Севимсталькон» ЖШС-нің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу құқығына берілген мемлекеттік лицензиясының қолданылуын тоқтатқан. Бұған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 312-бабының 2-бөлігін бұзу негіз болған.
Бұған дейін прокуратура Mardan тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісін сотқа жолдағанын жазған едік.