СҚО-да өрт салдарынан 2 адам ажал құшты

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданында өрт салдарынан 2 адам қаза тапты.

СҚО-да өрт салдарынан 2 адам ажал құшты

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеше сағат 09.38-де Тайынша қаласында бірқабатты 4 пәтерлі үйде өрт болды. Жалын 2 сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға СҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

 Мамлютка ауданының Беловка ауылында сенбі күні сағат 09.38-де екіпәтерлі үй өртенді. Өрт 6 сағаттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға СҚО ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрт орнында 46 жастағы ер адамның мәйіті табылды.