СҚО-да соңғы бес жылда рұқсатсыз қоқыс орындары бес есе қысқарған

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында былтыр «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы арқылы рұқсат етілмеген 62 қоқыс үйіндісі анықталған. Бұл 2024 жылдан 54-ке аз.

Елордада жыл басынан бері 338 заңсыз қоқыс орны жойылды
Фото: Астана қаласының әікмдігі

СҚО экология департаменті жылды қорытындылады. Ведомство мәліметінше, анықталған заңсыз қоқыс үйінділерінің барлығы жойылған.

Қоқыс тастайтын заңсыз орындардың пайда болуына жол бермеу үшін былтыр арнайы жоспар және мобильді жұмыс тобы құрылды. Оған экологтерден бөлек полицейлер және әкімдік өкілдері енді. 

Нәтижесінде мамандар облыс аумағында 12 рейд өткізіп, заңсыздыққа жол берген алты ауыл әкімі жалпы сомасы 206 мың теңге айыппұл төледі. 

— Қазір облыс аумағында, жергілікті атқарушы биліктің мәліметінше, қатты тұрмыстық қалдықтардың 444 нысаны бар. Оның 428-інде жер учаскесі рәсімделген. Сондай-ақ тек жеті полигонның ғана тиісті рұқсат құжаттары түгел, — дейді департамент басшысы Талғат Сәбиев.

Жалпы былтыр мамандар экологиялық бақылау аясында 300-ге жуық тексеріс жүргізіп, 214 заңбұзушылық анықталған. 66 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 36 млн теңге шамасында айыппұл салынды. Оның ішінде 19 млн теңге болатын 4 айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілген.

Бұған дейін прокуратура «Алматы Су» мекемесінің экологиялық заңнама талаптарын бұзғанын анықтағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум