СҚО-да су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар жалғасып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM –  СҚО Қызылжар ауданы Долматово ауылында су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар жалғасып жатыр.

СҚО-да су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар жалғасып жатыр
Фото: ТЖМ

Негізгі екпін инертті материалдар салынған қаптарды төсеуге және суды соруға бағыталған.

Бұл жұмыстарға 93 адам, 14 техника мен 7 мотопомпа жұмылдырылды. Бүгінгі таңда инертті материал салынған 1250 қап дайындалды, оның 1100 су өтіп кететін жерлерге төселді. Жағдай жедел штабтың тұрақты бақылауында.

Су тасқынына қарсы іс-шараларын ТЖжД бастығы Азамат Жүнісов пен АҚжӘБК төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов және Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов үйлестіреді. Жұмыстарды жүргізуге ТЖМ, СҚО ТЖД, Астана қаласы, Ақмола облысының күштері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері қосымша тартылды.

Айта кетелік СҚО-да су тасқыны басталғалы 148 адам, соның ішінде 24 бала эвакуацияланды

Соңғы жаңалықтар