СҚО-да тұрғындар тұмауға жатпайтын вирустармен ауырып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны 1,5 есе өсті. Тұмаумен ауыру дерегі тіркелмегенімен, ПТР-диагностика кезінде сырқаттанғандардан вирустың басқа түрлері анықталды.

Павлодарда респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар көбейе түскен
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, тұмауға жатпайтын бұл вирустардың - парагрипптің 8 жағдайы, риновирустың 12 жағдайы, аденовирустың 7 жағдайы, метапневмовирустың 2 жағдайы, бокавирустың 3 жағдайы анықталған.

Бүгінгі таңда СҚО-да жіті респираторлы вирусты инфекция бойынша өсім бар.

Жаңа эпидемиялық маусым басталғалы өңірде 15 мыңға жуық адам ЖРВИ жұқтырған, десек те бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% төмен. Науқастардың басым бөлігі, 66% - 14 жасқа дейінгі балалар.

«Соңғы аптада ЖРВИ-дің 2773 жағдайы тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есе өсім бар. Маусымдық тұмаумен күресудің бір жолы – вакцинация. Тәуекел тобына жататын адамдар үшін ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды. Жоспар 100% орындалды. Тұмауға қарсы вакцинациядан басқа, спецификалық емес профилактиканы назардан тыс қалдырмау керек: ауырып қалмау үшін бетпердені дұрыс кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет», - дейді Әсет Жұматаев.

Бұған дейін Петропавлда өткен тәулікте жарақат алған 120 адам дәрігер көмегіне жүгінгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар