Петропавлда өткен тәулікте жарақат алған 120 адам дәрігер көмегіне жүгінді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының кейбірі қысқа дайын болмай шықты. Петропавлда ғана өткен тәулікте 44 адам түрлі сынықпен ауруханаға келіп, мамандардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. 

аурухана
Фото: Петропавл қалалық көп бейінді жедел жәрдем ауруханасы

Петропавлдағы көп бейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімі қызметкерлері өткен тәулікте демалыссыз жұмыс істеді. Өйткені дәрігерлердің көмегіне жүгінушілер саябырламаған. Бірі көшеде келе жатып қол-аяғын сындырса, енді бірі жол-көлік апатына түскен екен.

дәрігер
Фото: Петропавл қалалық көп бейінді жедел жәрдем ауруханасы

«Ауа райына байланысты күшейтілген жұмыс тәртібіне көштік. Өткен тәулікте 120 адамды қабылдадық, соның 44-інде сынық болса, 46-сы түрлі жарақат алған, жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер де бар. 50-ден астам науқасқа гипс салып бердік. Алты адам ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі жол-көлік апатында жарақаттанған», — дейді аурухананың травматолог-ортопеді Денис Петров.

науқастың аяғы
Фото: Петропавл қалалық көп бейінді жедел жәрдем ауруханасы

Петропавлда қар қалың түскенімен, ауа температурасы -3, -4 шамасында ғана. Көктайғақтан алаңсыз жүру мүмкін емес. 

дәрігер
Фото: Петропавл қалалық көп бейінді жедел жәрдем ауруханасы

«Тұрғындар қысқы уақытқа аяқ киімді дұрыс таңдауы керек, ол жылы ең бастысы — тайғанамауы тиіс. Спирттік ішімдіктен бас тартып, қазіргідей көктайғақта абайлап жүрсе екен», — дейді дәрігер.

науқас
Фото: Петропавл қалалық көп бейінді жедел жәрдем ауруханасы

Кеше Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, арты боранға ұласты.

Полицейлер көктайғақ салдарынан жолдан шығып кеткен көлік жүргізушілеріне көмектесіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар