СҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандарды қосымша қабылдауға 55 орын дайын тұр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда қосымша 55 орын ашылмақ. 

СҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандарды қосымша қабылдауға 55 орын дайын тұр
Фото: ДСМ

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық мекемелерде ересектерге — 20, ал балаларға қосымша 35 инфекциялық орын дайын тұр.

Бүгінгі жағдай бойынша қазір өңірдің емдеу мекемелерінде 319 сырқат ем алып жатыр. Оның 54-і — ересектер, қалған 265-і — балалар. Ауырғандардың 87% — ЖРВИ диагнозы қойылған.

Тұмау жұқтырғандығы зертханалық жолмен расталған 29 науқасқа тиісті ем көрсетіліп жатыр. Олардың төртеуі — жүкті әйел болса, 24-і — бала.

— Тұмау, ЖРВИ жұқтырғандардың арасында жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ, — деп жауап берді ведомство өкілдері.

Бұған дейін ШҚО-да 35 мыңға жуық оқушы қашықтан білім алып жатқанын жазған едік.

Өскеменде ЖРВИ жұқтырғандардың көбеюіне байланысты, ауруханалар шектеу шараларын енгізді.

Соңғы жаңалықтар