СҚО мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментін Аманжол Жақанов басқарады.
Аманжол Жақанов 1974 жылы Қостанай облысы Федоров ауданы Мирный елді мекенінде дүниеге келген.
1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Экономист-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша, 2000 жылы Мәскеу қаласында Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1997 жылы еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің 1-санатты маманы болып бастайды. Әр жылдары бас маман, бөлім басшысы, аудандық салық басқармаларының басшысы, сондай-ақ Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшысының орынбасары және басшысы қызметтерін атқарған.
2020 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Қанат Балтабеков тағайындалғанын жазған едік.