20:29, 28 Шілде 2025 | GMT +5
СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Меритократия қағидаты негізінде Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру басқармасының басшысы болып Нұржан Батырбекұлы тағайындалды.

Нұржан Исламбековтың жалпы еңбек өтілі – 27 жыл. Білімі – жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.
Кейінгі бір жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалғанын жазған едік.