СҚО мен Ақмола облысында жолдар ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше боран мен аязға байланысты жабылған жолдарда көлік қозғалысы жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні бірқатар облыстардың аумағында республикалық маңыздағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын.

«Қазақавтожол» ЖШС мәліметіне қарағанда, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстары аумағындағы жолдар ашылды.

Қазіргі уақытта тек «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-266 шақырымындағы елорда мен Шідерті аралығында көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысы аумағындағы боранға байланысты Қордай асуының жаңа жолының 158-240 шақырымындағы Отар мен Қайнар аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар