СҚО-ның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 40 пайызға қысқарды
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2016 жылдың қаңтар-шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының ЕАЭО елдерімен өзара тауар айналымы 146,7 млн долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,5 пайызға төмен.
Тауар айналымының басым үлесі Ресейде. Құны 18 млн доллар болатын тауар экспортқа шығарылған. Импорт көлемі 116 738 мың долларды құрады. Солтүстік Қазақстан тұрғындары Ресейден тауарларды бұрынғыдан 48,5 пайызға аз алып келетін болды.
Солтүстік Қазақстан облысы негізінен мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік өнімдерін экспорттайды. Бұл ЕАЭО елдерінен экпортталатын тауарлардың 54,8 пайызы. Сонымен қатар облыстан тыс металдар мен олардан дайындалған өнімдерді, минералдық азық-түліктер, құрылыс материалдары, машиналар, құрылғылар, көлік құралдары, түрлі аспаптар мен аппараттарды шығарады.