18:43, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
СҚО-ның ішкі істер департаментінде 50-ден астам полицей марапатталды
ПЕТРОПАВЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, онда 50-ден астам полиция қызметкері марапатталды.

Облыстық полиция ведомствосының басшылығынан басқа шараға қалалық және аудандық полиция қызметтерінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Салтанатты шараны ІІД бастығының міндеттерін атқарушы, полиция полковнигі Думан Таев ашты. Сондай-ақ ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев сөз сөйледі.
Ресми бөлімнен кейін қала мен облыста ерекше көзге түскен тәртіп сақшылары Алғысхаттармен, Грамоталармен, мерзімге дейінгі арнайы атақтарды берумен, ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Марапаттаудан кейін мемлекеттік қызмет жұмысына кіріскен азаматтар ант қабылдады. Салтанатты жиналыс ішкі істер департаментіндегі көркемөнерпаздар ұжымының күшімен дайындалған концертімен аяқталды.