Словакия премьер-министрі денсаулығында кінәрат барын хабарлады

АСТАНА.KAZINFORM — Былтыр қастандық жасалған Словакия премьер-министрі Роберт Фицо соңғы үш күнде денсаулығында кінәрат барын аңғарды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі видеоүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Словакия премьер-министрі денсаулығында кінәрат барын хабарлады
Фото: accentnews.ge

— Соңғы үш күнде мені қастандық кезінде алған жарақаттарым мазалап жүр. Менің (жұмыс) бағдарламамның бір бөлігін тоқтатуға тура келді, — деді Фицо.

Фицоға қастандық 2024 жылдың 15 мамырында Словакияның батысындағы Гандлова қаласында жасалды. Оған зейнеткер жазушы Юрай Цинтула оқ атты. Ол сот үкімі шыққанға дейін қамауға алынды. Премьер-министр бірнеше жарақат алып, бірқатар операциялар жасалды. Ол 2024 жылдың шілдесінде ғана өзінің қызметтік міндетіне оралды. 10 сәуірде Фицо қосымша ота жасалуы керек екенін мәлімдеді.

Кейін Словакия премьер-министріне жасалған қастандық лаңкестік әрекет ретінде бағаланды.

Шабуыл жасаған 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула шабуыл орнында ұсталды.

Соңғы жаңалықтар