Сочиде ХІ қысқы Паралимпиаданың жабылу салтанаты өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочиде «Фишт» стадионында Паралимпиадалық ойындардың салтанатты жабылу рәсімі өтуде, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Жарыстар 7-16 наурыз аралығында өтті, оның барысында спорттың бес түрінен 72 наградалар жиынтығы сарапқа салынды. Ойындарға жалпы алғанда барлығы 45 елден спортшылар қатысты: 19 мемлекеттің паралимпиадашылары медальдарға қол жеткізді, 14 елдің өкілдері алтын медальдарға ие болды.

Ресей құрамасы 30 алтын, 28 күміс және 22 қола медальдармен командалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орынға 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медальмен Германия құрамасы шықты.

Соңғы жаңалықтар