София Актаева семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді. 

София Актаева семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, спортшы рапирамен семсерлесу жарысында екінші орын алды.

Актаева жартылай финалда Қытай спортшысы Ху Бейниді 15:8 есебімен жеңді.

Ал финалда қазақстандық спортшы Ресей өкілі Стефания Часовниковамен кездесті. Нәтижесінде ресейлік семсерлесуші 15:11 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Софья Актаева Әлем кубогы кезеңін күміс жүлдемен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде топ жарғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар