Софияда Қазақстан мен Болгария сыртқы саясат ведомстволарының арасында консультациялар өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - София қаласында Қазақстан-болгар сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтіп, екіжақты қатынастардың көкейкесті мәселелері, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясында тараптардың ынтымақтастығы қаралды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Болгариядағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Келіссөздерде қазақстандық тарапты - сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов, болгарлық тарапты сыртқы істер министрінің орынбасары Марин Райков басқарды.

Атап айтқанда, дипломаттар екі елдің саяси өзара іс-қимылдар деңгейін жоғары бағалап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенділендіруді атады.

Тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық етуі және Болгарияның Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымына қазіргі төрағалығы аясында өзара іс-қимыл жасасу мүмкіндіктерін зерделеу қажеттіліктерін атады. Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан Болгарияның аумағымен өтетін энергожобаны іске асыру мәселелеріне біздің тараптың қатысуы талқыланды.

ұхбаттасушылар Ауғанстанның экономикасын сауықтыру және ауған халқына көмек көрсету мәселелеріне көңіл бөлді. Болгариялық дипломат ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың жақында Кабулға жасаған сапарының қорытындысымен толық таныстырылды.

Консультация аяқталғаннан кейін Дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар азаматтардың визасыз сапарлары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар