Соғыс сарбазының сүйегі 81 жылдан кейін Қызылордаға жеткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — 81 жыл бұрын Ресей жерінде қайтыс болған екінші дүниежүзілік соғыс жауынгері Байбол Рахметовтің мүрдесі туған жері Қызылорда қаласына әкелінді. Бүгін облыс орталығындағы «Тағзым» алаңында оған әскери құрмет көрсету шарасы өтті.

Соғыс сарбазының сүйегі 81 жылдан кейін Қызылордаға жеткізілді
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл мамырда іздестіру шаралары жүргізіліп, 1944 жылы Псков қаласын неміс-фашист басқыншыларынан азат ету кезінде қаза тапқан Қызыл Армия сарбаздарының сүйектері табылған. 

Соғыс сарбазының сүйегі 81 жылдан кейін Қызылордаға жеткізілді
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

— Олардың арасында Қызылорда қаласының 1917 жылғы тумасы, 326-шы атқыштар дивизиясының 1101-ші атқыштар полкі сапында қызмет еткен аға сержант Байбол Рахметов те бар. Оны жанынан табылған жауынгерлік «Ерлігі үшін» медалі және «Қызыл Жұлдыз» ордені, сондай-ақ өзі тұтынған заттары — ұстарасы, қаламсабы, әскери пышағы растады, — делінген хабарламада.

Соғыс сарбазының сүйегі 81 жылдан кейін Қызылордаға жеткізілді
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Әскери құрмет көрсету рәсімінде қаhарман құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов қызылордалық жауынгердің рухына тағзым ету — бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы екенін жеткізді. Жауынгердің бауырлары туысын тауып, оның ерлік жолын елге жеткізген азаматтарға алғыс білдірді.

Батырдың сүйегі қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округіне жерленді. 
Еске салсақ, Таразда 105 жасқа қараған шағында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, майдангер Григорий Нещеретнев дүниеден өтті.

 

 

Соңғы жаңалықтар