Солтүстік Кавказда өткен ТМД студенттерінің фестивалінде Қазақстан жастары бас жүлдеге ие болды

Халықаралық фестиваль 2012 жылдың 16-19 маусымы аралығында Кабарда-Балқар Республикасындағы Нальчик қаласында өткен болатын. Бұл жобаны ұйымдастырудағы мақсат - бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған студенттер фестивалін жаңғырту.
2011 жылы осы бастаманы Әзірбайжан Республикасы бастап, халықаралық «ТМД студенттері көктемі» атты байқауды тұңғыш рет өткізген болатын, оған ТМД елдерінен 7 мемлекет қатысқан еді.
Биылғы шараға ТМД елдеріне қатысушы мемлекеттерден 300 студент қатысты, олардың қатарында Әзірбайжан, Армения, Беларус және Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Оңтүстік Осетия елдерінен делегациялар бар.
Фестивальдің құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары - Ресей Федерациясының спорт, туризм және жастар ісі саясаты министрлігі, Кабарда-Балқар Республикасының Үкіметі, «Ресей Жастар Одағы» бүкілресейлік қоғамдық ұйымы, Халықаралық байланыстарды дамыту қоры.
Қазақстандық делегация құрамында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, сондай-ақ «Z»-үштігінің әншілері - Рахат Шәріпов, Олжас Пішенбаев, «Қызғалдық» би ансамблінің мүшелері - Жанар Совет, Нұргүл Әлімжан, «Шабыт» халық аспаптар оркестрінің әншілері - Аян Нұрғали, Бауыржан Қартбаев, «Шаттық» би ансамблінің мүшелері - Әйгерім Бозшолақова сынды талантты жастар болды. Делегацияны продюсер, режиссер, «Ақ желкен» театрының жетекшісі Бақытжан Тәжинов бастап апарды.
Фестиваль барысында вокал жанры бойынша - «Z» үштіг, «Өкінбе» әнімен, хореографияда - қазақтың ұлттық «Қара жорға» биі, аспаптық музыкада - халық әні «Жима», «Шабыт» оркестрінің әншілері Аян Нұрғали, Бауыржан Қартбаева лауреат атанды. Ал «Студенттік ұйым арасындағы ең үздік жобаны ұсынған жетекші» аталымы бойынша қазақ делегациясын бастап апарған Бақытжан Тәжинов жеңімпаз атанды. Фестиваль қорытындысы бойынша Қазақстандық делегация бас жүлдені иеленді.