Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл клубы отқа оранды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауылында бейсенбі күні таңғы бестер шамасында ауыл клубының ғимараты отқа оранды,

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл клубы отқа оранды - ҚР ТЖМ

деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Тілсіз жау 13 сағаттан кейін ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамының 5 адамы, Ерікті өрт сөндіру құрылымының 3 техникасы мен 6 адамы жұмылдырылды. 360 шаршы метр жер отқа оранды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.