Солтүстікқазақстандық спортшы Рио Олимпиадасына тағы бір лицензия жеңіп алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық велошабандоз Артём Захаров жапондық Ошима қаласында өткен велоспорт бойынша Азия чемпионатында тректік жарыс - омниум көпсайысында күміс жүлдегер атанды. Осылайша, 2016 жылғы жазғы Олимпиадалық ойынға лицензия ұтып алды.

Солтүстікқазақстандық спортшы Рио Олимпиадасына тағы бір лицензия жеңіп алды

«Велоспорт бойынша Азия чемпионаты Жапонияда 19-30 қаңтар аралығында өтеді. «Велотректе омниум» тәртібінде СҚО шабандозы Артем Захаров жапондық спортшы Хашимото Эльді алға оздырып, күміс медальді еншіледі. Үшінші орынға қытайлық Лю Хао жайғасты», - деп хабарлады СҚО бас бапкері Сергей Курчин.

Азияның күміс жүлдесі «Track Team Astana» командасының өкілі Артем Захаровқа Қазақстанның олимпиадалық рейтингі есебінде 105 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Бұдан бұрынырақ Артем Захаров Гонконгта велотрек бойынша әлем кубогының қорытынды кезеңінде скретч жарысының жеңімпазы атанған.

Тұтастай Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияда өткен Азия чемпионатында «элита» санатында екі күміс жүлдені иеленді.

Артем Захаровтан басқа екінші орынға жеке жарыста қазақстандық Диас Өмірзақов көтерілді.