Солтүстікқазақстандықтар жерлестері А.Винокуровты үлкен концертпен және отшашумен құттықтамақ

Әсіресе ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында 5 бірдей жерлестері өнер көрсететін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ерекше қуанышты. Осыған орай, бүгін 30 шілде күні облыс орталығында Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Александр Винокуровтың жеңісін құттықтауға арналған салтанатты акция өтетін болады.
Шара барысында 50-60 адамнан тұратын велосипедшілер шеруі (сағат 20:00 мен 20:45 аралығында) ұйымдастырылады. Бұдан әрі шара мемлекеттік рәміздер алаңында ұласып, онда концерттік бағдарламалар өтеді. Митингке Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Чжен, А. Винокуровтың алғашқы жаттықтырушысы, ата-анасы қатысып сөз сөйлейтіні жоспарланған.
Салтанатты шараның шарықтау шегі мерекелік отшашумен көмкеріледі. Лондондағы А. Винокуровпен интернет арқылы байланысқа шығу да жоспарланған.