Солтүстік Ирландияда 70 баланы бопсалаған ер адам өмір бойына түрмеге тоғытылды

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Ирландияда бірнеше елде кәмелет жасына толмаған 70-ке жуық баланы бопсалау және жыныстық зорлық-зомбылық жасау үшін әлеуметтік желілерді пайдаланғаны үшін бұдан бөлек адам өлтіру секілді бірнеше қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы CNN жазды. 

70 баланы босалаған
Фото: CNN

Солтүстік Ирландияның мемлекеттік айыптау қызметінің мәліметінше, 26 жастағы Александр Маккартниді жұма күні Белфаст Crown сотының судьясы балаларды жыныстық қатынасқа итермегелі, бопсалағаны және 2018 жылы АҚШ-та өз өмірін қиған 12 жасар қызды қасақана өлтіргені үшін үкім шықты. 

Кетфишинг — әлеуметтік желілерде жиі қолданылатын ұғым. Бұл — ғаламторда жалған адамның бейнесін жасау үшін өтірік ақпарат пен бөгде біреудің суретін қолдану арқылы өзге адамдарды алдау, аңду.

Билік Маккартни әлеуметтік желілерде  өзін жас қыз ретінде таныстырып, құрбандармен қасақана достасып, оларды жалаңаш түскен суреттерін жіберуге мәжбүрлеген. 

Одан кейін жәбірленушілерге «оған өздері түсірген әдепсіз фотосуреттер мен бейнежазбаларды жіберіп, оларды азғын тіпті кейде қауіпті сексуалдық әрекеттерге итермелеп, қорқытқан», — делінген хабарламада.

«Маккартни Солтүстік Ирландия, Ирландия Республикасы, Ұлыбритания, АҚШ және Жаңа Зеландия елдерінен келген 3500-ге жуық қыздың өмірін ойрандаған. Ол қулығын асырып,  адамның ойына келмейтін әккі әрекеттерімен азғындық жасаған», — деді PPS ауыр қылмыс бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Кэтрин Киранс.

Киранстың айтуынша, Маккартни құрбандарының бәрі 10 жастағы жас, бейкүнә балалар болған, олар тұлға және дене имиджі мәселелерімен күресіп, әлеуметтік желілерге көмек сұрап жүгінген. 

Маккартни 70 құрбанға қатысты 185 айыпты мойындады. Ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанға дейін кемінде 20 жыл түрмеде отыруы керек.

«Өкінішке қарай, небәрі 12 жаста болған жас құрбандарының бірі оны қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген онлайн чаттағы жазба барысында өз өмірін қиды», - деді Киранс.

Оның айтуынша, америкалық қыз бен Маккартни ешқашан кездеспеген.

CNN агенттігінің филиалы Virgin Media News Маккартни өз құрбандарына шабуыл жасау үшін ең алдымен танымал Snapchat әлеуметтік медиа қосымшасын пайдаланғанын хабарлады.

Бұған дейін хабарлағандай, Өзбекстанда балаға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар