Солтүстік Корея ядролық қару әлеуетін арттырды – МАГАТЭ
АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Корея соңғы уақытта ядролық қаруын дамытуда «өте маңызды» ілгерілеушілікке қол жеткізді. Бұл уран байыту жаңа зауыты құрылысының арқасында болуы мүмкін. Халықаралық атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік басшысы Рафаэль Гросси бұл туралы Сеулге сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.
МАГАТЭ басшысы Сеулде сөйлеген сөзінде 5 мегаватттық реактор, ядролық отынды қайта өңдеу қондырғысы, жеңіл су реакторы және Солтүстік Кореяның Йонбен ядролық кешеніндегі басқа да нысандарда белсенділік күрт артқанын растады.
- Осы белгілердің барлығы Солтүстік Кореяның ядролық қару әлеуетінің айтарлықтай артқанын көрсетіп отыр, - деді Гросси.
Ол сондай-ақ Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бірнеше ондаған оқтұмсықтан тұруы мүмкін деп шамалады.

Қадағалау органы өкілінің айтуынша, Йонбендегі уран байыту цехтеріне ұқсас жаңа нысан құрылысы байқалды, ал сыртқы сипаттамаларды талдау қуаттың айтарлықтай өскенін көрсетті.
МАГАТЭ бағалауы америкалық Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының жақында жарияланған есебімен расталып отыр. Онда қару-жарақ материалын өндіруге қабілетті уран байыту зауыты құрылысының аяқталғаны аталып өткен.
- Ядролық қаруға көшу ешқашан ешбір елдің қауіпсіздігін жақсартпайды, керісінше, олардың таралуына себеп болуы мүмкін, - деді Гросси.
Оңтүстік Кореяның атом сүңгуір қайықтарын жасау бағдарламасы туралы айта келе, Гросси Сеулді ядролық қарудың таралу қаупін болдырмау үшін агенттікпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырғанын мәлімдеді.
- Халықаралық қауымдастық бұл жобаның МАГАТЭ кепілдігімен жүзеге асырылып жатқанын көруі үшін және агенттік инспекторлары ядролық материалдың тек сүңгуір қайықтың қозғалысы үшін ғана пайдаланылатынын және басқа ештеңе үшін пайдаланылмайтынын тексеруі үшін МАГАТЭ-мен техникалық тұрғыдан негізделген келісімдерге қол жеткізу өте маңызды, - деді ол Сеулде өткен баспасөз мәслихатында.
Just concluded a very important, timely and productive meeting with 🇰🇷 @mofa_kr Foreign Minister @FMChoHyun, during my third visit to the Republic of Korea as IAEA DG.
— Rafael Mariano Grossi (@rafaelmgrossi) April 15, 2026
As one of the world’s leading nuclear energy countries, ROK is a crucial partner and a strong supporter of the… pic.twitter.com/VbaKU4mVV9
Ол МАГАТЭ бұл процесті өздерінің ядролық сүңгуір қайықтарын жасау туралы шешім қабылдаған тағы екі ел – Аустралия және Бразилиямен бірге жүргізіп жатқанын қосты.
Осыған дейін Қазақстан мен Корея атом энергетикасы жобаларын бірлесіп дамытуға ниетті екенін жаздық.