Солтүстік Македония - Қазақстан кездесуінде кімдер төрешілік етеді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македония және Қазақстан кездесуіне төрешілер белгіленді.

Солтүстік Македония - Қазақстан кездесуінде кімдер төрешілік етеді
Фото: Kffleague.kz

Бұл ойында бас төреші міндетін испаниялық Хуан Мартинес атқарса, оған отандастары Диего Барберо мен Иван Массо көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Алехандро Муньис Руис.

Кездесу 13 қазанда Қазақстан уақтымен сағат 23:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазақстандық футболшылар бес турдан кейін 6 ұпаймен төртінші орында тұрса, Солтүстік Македония 12 ұпаймен бірінші орында келеді. 

Отандастарымыз қазірге дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0, 4:0) басым түсті.

Ал Солтүстік Македония екі мәрте Лихтенштейнді (3:0, 5:0) жеңсе, Бельгиямен екі рет (1:1, 0:0), Ульспен (1:1) тең ойнады. 

Екі құрама арасындағы алғашқы кездесуде Солтүстік Македония 1:0 есебімен жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар