16:19, 24 Сәуір 2024 | GMT +5
Соңғы хаты бар: Ақтөбеде 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде 2007 жылы туған қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті. Марқұм өзіне қол салмас бұрын хат жазып кеткен.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 14:00–де болды.
Ақтөбе қаласы «Есет батыр» тұрғын алабында қыздың денесі табылды.
— Көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеу барысында оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.